423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде вирус таратқандар сотталады

  • 200
  • UPD: 14:29, 21.07.2020

Филиппинде вирусты таратқан тұрғын сотталады. Ел президенті Родриго Дутерте осылай деп мәлімдеді. Қазір елде індет өршіп тұр.

Соңғы бірнеше аптада мұнда кеселдің тарауы төрт есеге, өлім-жітім екі есеге артқан. Осылайша ел бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 70 мыңға жуықтаған. Көз жұмғандар саны 1835 науқас. Сондықтан билік қатаң шараларға көше бастады. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі күнделікті тестілеу санын ұлғайтатынын хабарлады. 109 миллион халықтың 10 милионнын 2021 жылға дейін тестілеуден өткізу көзделген. Бүгінге дейін 1,1 млн тұрғын коронавируске тест тапсырып үлгірген. 

Родриго Дутерте, Филиппин президенті:

- Ережені елемегендерді қатаң жазаға тартуға көшеміз. Тіпті тұрғындарды түрмеге қамауға дейін барамыз. Адам көп жерде бетперде тақпау, әлеуметтік арақашықтық сақтамау аса ауыр қылмыс саналады. Себебі сіз тек өз өміріңізге емес, сол жердегі қаншама адамның өміріне қауіп төндіресіз.

Хабар 24 телеарнасы