431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 620 мыңнан астам адамға АӘК тағайындау мерзімі ұзартылды

  • 190
  • UPD: 15:25, 22.07.2020
Елімізде 620 мыңнан астам адамға АӘК тағайындау мерзімі ұзартылды Egemen.kz

121 мың отбасына, яғни 625 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік мекемелерге жүгінбестен, автоматты түрде ұзартылды.

Сондай-ақ 13 мың адам атаулы әлеуметтік көмекке eGov.kz порталы арқылы жүгінді. Бұл ағымдағы жылдың II тоқсанында АӘК алушы болмаған азаматтар, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың екінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті алғандарға үшінші тоқсанда да 1 шілдеден бастап оны ұзартуды көздейтін бұйрық қабылдады. Бұл шара азаматтардың әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарына жаппай жиналуын болдырмауға мүмкіндік берді. Осылайша азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі азайтуды көздейді.

Өтінішті алғашқы берген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларындағы құжаттарды тексерді. Сонымен бірге, учаскелік комиссиялар өтініш берушілердің мәліметтерін мессенджерлер арқылы көзбе-көз кездесу өткізбестен тексерді.

АӘК ұзарту кезінде кейбір кірістер ескерілмеді. Мәселен, тәуелсіз жұмыскерлердің 2020 жылғы II тоқсандағы жиынтық табысын есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі табысы төтенше жағдай кезеңіндегі шектеулер салдарынан кірісі жоғалған жағдайда бірыңғай жиынтық төлемді және әлеуметтік төлемдерді төлеуге байланысты кіріс ретінде қарастырылмады. Сонымен қатар азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарға және төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындарды өтеуге бөлінген ақшалай төлемдер есепке алынған жоқ.

Бұған дейін, 1-тоқсанда АӘК алушыларға төлемдерді тағайындау сол кездегі төтенше жағдайға байланысты 2-тоқсанда ұзартылған болатын. Осылайша, екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық АӘК-ті мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ автоматты түрде алды.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті биылғы жылдың ІІІ тоқсанына қолда бар мәліметтер негізінде проактивті тағайындауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы