426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вирустан марқұм болған әкім Нарынқолдың көркеюіне үлес қосқан

  • 381
  • UPD: 22:07, 28.07.2020

Алматы облысының Райымбек ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізуге биыл шамамен 10 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында ауылдың күретамырына қан жүгіріп, қасиетті Нарынқол өңірі жылдан жылға көркейіп келеді. Дегенмен, төтенше жағдай режимі мен карантин жағдайына байланысты біраз қиыншылықтар туындап отыр.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

– Нарынқол аудан орталығы мәртебесіне ие болғалы бері мұнда біршама оң өзгерістер болды. Ауыл ішіндегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды. Ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, жаңалары салынып жатыр.

Соңғы екі жылдың ішінде Нарынқолда асфальтталмаған көше қалмады деуге болады. Тіпті ауылдың шетіндегі қып-қысқа жолдарға дейін қатты жамылғы төселген. Аудандық әкімдік ғимараты мен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, мемлекеттік қызметкерлерге арналған 20 үй пайдалануға берілді. Қазір Жағатал өзенінің жағасында 83 коммуналдық тұрғын үй салынып жатыр. Соның 33-і алдымыздағы Ата Заң күнінде халық игілігіне тапсырылады.  

Ғалым Жусанбаев, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары:

– Сондай-ақ бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні өткізуге дайындап жатырмыз. Одан бөлек әкімшілік қызметкерлеріне арналған қызметтік 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нарынқол ауылының ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көше жарықшамдары жүріп жатыр.

Осы жұмыстардың басы-қасында күллі әлемге жайылған індеттен күні кеше ғана көз жұмған Талғар ауданының әкімі Жолан Омаровтың жүргенін айта кеткен абзал. Өйткені аудан орталығы Кегеннен Нарынқолға көшірілген тұста Райымбек ауданын басқарып, оны түлету сол азаматтың мойнына жүктелген еді.  

Босатхан Ұлдарбеков, Райымбек ауданының құрметті азаматы:

 – Бұл ауданның орталығы деген аттың өзінің қасиеті бар. Өзінің құрметі бар, өзінің берекесі болады. Міне сонымен бірге бұл ауданға қайта өзінің берекесі келіп, кіріп жатыр. Соның куәгері болып тұрмын. Бұрын бұл аудан шекарада тұрғанымен өте мықты аудан еді. Аудан қысқарған соң ауыл құлазып қалды.

Ләтипа Албалтаева, Нарынқол ауылының тұрғыны:

 – 2018 жылдан бастап Аллаға шүкір енді, көркейіп келе жатыр. Ауылымыз сәнденіп келе жатыр. Жолымыздың бәрі жасалып жатыр. Өзіміз де ризамыз түзу жолмен жүргенге. Мына жақсы мекемелерді көргенге. 

Райымбек ауданындағы құрылыс жұмыстарына биыл 10 млрд 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда карантин режімінен дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты бірқатар нысанның құрылысы сәл кешеуілдеді.

Бақытжан Әлдибеков, мердігер компания өкілі:

 – Әрине қазір карантин жағдайына байланысты біраз қиыншылықтар бар. Енді оны жасырудың қажеті жоқ. Бірақ бар адаммен жұмыс істеп жатырмыз. СКЛ. Енді өзіміз ойлаймыз осы берілген срокқа үлгереміз деп, автгусттың аяғына дейін.

Конституция күнінде Нарынқолдағы 33 үй коммуналдық үймен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы, прокуратура ғимараты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен әкімшілік қызметкерлеріне арналған 8 үй және Қақпақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріледі. Райымбек ауданындағы құрылыс нысандарына жалпы саны 800-ден астам жергілікті тұрғын жұмылдырылған.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Жеңіс Әбдірешев

Хабар 24 телеарнасы