429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда тұрғындар полицияның тегін маска таратқанына таңқалысты

  • 189
  • UPD: 18:58, 06.08.2020

Көкшетауда көшеде жүрген тұрғындарға тегін маска таратылып жатыр. Бетперделерді үлестіруге жергілікті полицейлер атсалысуда.

Олар апта соңына дейін көпшілікке осындай бас-аяғы 5 мың дана қорғаныс құралын ұсынбақ. Ал маскалар облыстық әкімдік тарапынан бөлінген.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияның алғашқы күні 1 мың дана маска таратылды. Тәртіп сақшылары тарапынан мұндайды күтпеген тұрғындар таңданыстарын жасыра алмады.

Айта кетейік, еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, көшеде қазір маска тағу міндет. Ал талапты орындамағандарға 80 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Сондықтан полицейлер мен дәрігерлер сақтық шараларына аса қатты мән беруге шақырады. 

Арманбек Баймурзин, облыстық полиция департаментінің бастығы:

- Мұндай акция бірінші рет ұйымдастырылды. Біздің қызметкерлер шара барысында маска таратып ғана қоймай, халықпен түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы