429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 83 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды

  • 212
Павлодар облысында 83 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды polisia.kz

Павлодар облысында полицейлердің жасырын камерасына түсіп қалған 83 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселелерінде, көлік құралдарының қозғалысындағы бұзушылықтарды анықтау үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жасырын бақылауды жүзеге асырады.

– Патрульдік және күзет қызметінің ұқсас түрі Павлодар қаласында қолданылады, – дейді Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Биылғы жылдың басынан бері жасырын патрульдеу көмегімен өрескел заң бұзушылықтарды жасаған 104 жүргізуші анықталды, материал сотқа жолданды, сот шешімімен 83 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды.

Полицейлердің түсіндіруінше, жүргізушілер жасаған құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері қызыл бағдаршаммен жүру, жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысында артықшылықты қамтамасыз етпеу, қозғалыс үшін келе жатқан жолдың қарсы жүріс бөлігіне шығып кету.

– Бұл жеке-дара белгілері жоқ патрульдік көліктер, жарық және дыбыстық сигналдарды жасырын түрде таратуға арналған құрылғылармен, байланыс құралдарымен, мобильді құрылғылармен және басқа арнайы құрылғылармен жабдықталған, – деп қосты тәртіп сақшылары.

 

Хабар 24 телеарнасы