420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші жазаға тартылды

  • 163
  • UPD: 15:21, 19.08.2020
Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші жазаға тартылды

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндегендер жүргізуші құқығынан айырылып, қамауға алынуда.

Алматы қаласының ТЖК-нің шешіміне сәйкес, жыл басынан бері мас күйде көлік айдаған 711 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Сот 1 мың 84 азаматты көлік құралын басқару құқығынан айырды.  

«Қала жолдарында жағдай тұрақты. Апат деңгейі 41,3% -ға азайды. 1 мың 486 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 46 адам қайтыс болды, тағы 1 мың 718 адам жарақат алған. Жалпы, жыл басынан бері 546 мың 925 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау және алдын алу бағытында  105 постты қамтитын «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, сонымен қатар, «Сергек» жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен 354 мың 083 бұзушылық тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

polisia.kz

Хабар 24 телеарнасы