426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды

  • 192
  • UPD: 16:11, 20.08.2020
Атырау облысында алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды

Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықпен жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын алу шарасын өткізуде, деп хабарлады Polisia.kz.

Аталмыш шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы сегіз интернет-қылмыс ашылды.

Сонымен қатар порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, Атырау қаласы тұрғынынан 260 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматша осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысқа қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған әйел әзірге қолхатпен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы