424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жалған әуе билеттерін сатқан 10 сайт анықталды

  • 158
  • UPD: 00:15, 26.08.2020
Елімізде жалған әуе билеттерін сатқан 10 сайт анықталды

Елімізде алаяқтық жолмен әуе билеттерін сатқан 10 сайт анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік жағдайларға қарсы әрекет ету ұйымы хабарлады. Жалған интернет-ресурстар сол мезетте бұғатталған. Мұндай әрекет Ресейде де болған еді. Онда бас-аяғы 26 сайт жалған әуе билеттерін сатумен айналысып келген. Екі елде де алаяқтардың алдау тәсілі бір. Қолданушыға тиімді бағада әуе билеттерін ұсынып, банктік картаның нөмірі мен CVV кодын енгізуді сұрайды. Кейін төлем жасалған сәтте картаның реквизиттері алаяққа белгілі болады. Қазір бұл әрекеттен нақты қанша қазақстандықтың зардап шеккені белгісіз. Осыған орай, KZ-CERT ұйымы жалған сайттардың құрбаны болғандарға 1400 нөміріне хабарласып немесе электронды мекенжайға өтініш жазуды ұсынады. Мамандар кез келген интернет-ресурс қызметін қолданар кезде мұқият тексеру қажеттігін айтады.

Әсел Әбіқаева, Мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз хатшысы:

- Қазақстан аумағында белгілі сайттардың атын жамылып, жалған билет сатып келген 10 интернет-ресурс анықталды. Барлығына қатысты сараптама жүргізілді. Олар өзге сайттардың көшірмесі болып шықты. Интернет-ресурстар азаматтардың жеке мәліметін жинақтап, банктік карта сандарын ұрлап келген.

Хабар 24 телеарнасы