428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚМДБ мерейтойына орай 30 мың түп ағаш отырғызылады

  • 136
ҚМДБ мерейтойына орай 30 мың түп ағаш отырғызылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ел аумағында 30 мың түп ағаш отырғызылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық іс-шара бүгін елордадағы «Бәйтерек» монументінің маңыңдағы саябақтан басталды. Жиынға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет қатысты.

Бұдан бөлек мерейтойға орай жер-жерде 30 жетім балаға, 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсету, 30 елді мекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ мұсылмандар діни басқармасы тарихи көрмелер ұйымдастырып, ел ішінде есімі еленбей жүрген 30 дін қайраткерінің есімін мешітке беру сынды сауапты істі қолға алмақ.

Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында елді көгалдандыруға қатысты айтқан болатын. Сонда бес жылдың ішінде орман алқаптарында 1 млрд-қа жуық ағаштың егілетінін және елді мекендерде 15 млн-ға жуық ағаштың отырғызылатынын айтып өтті. Біз осы пайғамбар сүннеті мен ата-баба сөзін ұрпаққа насихаттап, Мемлекет басшысының Жолдауындағы үндеуге үлес қосу үшін бүгін ҚМДБ ел көлемінде 30 мың ағаш түбін отырғызу жұмысын бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы