429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылы аялдамаларда санитарлық талаптар сақталып жатқан жоқ – елордалықтар

  • 192
  • UPD: 23:25, 25.09.2020

Арқада күн суытты. Кешелі бері елордадағы жылы аялдамалар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен тұрғындардың дені бұл аялдамлардың тазалығына күмәнмен қарайды. Сондықтан көбі желдің өтінде тұрып, автобус күтеді.

Қала аумағында індет індеп кетпес үшін жабық типтегі аялдамалар төтенше жағдай кезінде түгел жабылды. Бірақ күннің күрт суытуына байланысты биыл ертерек қолданысқа берілді. Оған бір жағынан тұрғындардың өтініші де себеп. Дегенмен әу баста қара суықта ықтасын болсын деп салынған нысандардың бірқатары бүгінде бос тұр. Себебі кейбір азаматтар мұндай орындарда санитария талаптары сақталмай ма деп алаңдайды.

БЛИЦ:

– Күн суық болса да, аялдамаға кірмей, автобусты далада күтіп тұрмын. Себебі коронавирус жұқтырып алам ба деп қорқамын. Одан да сыртта маска тағып, әлеуметтік арақашықты сақтап тұрағыным жақсы.

– Ашылғанын білгем жоқ, екіншіден карантинде жабық болды. Мұқтаждық болмады.

Аялдамалардың тазалығына қатысты қала әкімдігінің ресми сайтында жазба жариялады. Онда нысанның іші тиісті санитарлық өңдеуден өтетіні жазылған. Есік-терезе спирт қоспасымен сүртіліп, қуыс-қуыстың бәрі зарарсыздандыралады. Бірақ көптің күдігін туғызып отырғаны, бұл жұмыстардың атқарылу жиілігі туралы нақты ақпардың жоқтығы.

Софья Линникова, аллерголог-иммунолог:

– Біріншіден, жабық аялдамаларда халық көп жиналады. Әлеуметтік арақашықтық бірде сақталса, бірде сақталмайды. Бұдан бөлек, кейбір азаматтар маскасын иегіне тағып алады. Аялдаманың ішінде жөтеледі, түшкіреді. Оның үстіне, нысанның іші мүлде желдетілмейді. Сәйкесінше, түрлі бактериялардың жиналып қалу қаупі бар. Мүмкіндік болса, павильонды күніне 3 мәрте хлор қосылған сұйықтықпен тазартып тұру керек.

Маманның айтуынша, осы аталған талаптар сақталса ғана аялдама ішінде ауру жұқтыру қаупін сейілтуге болады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бүгінгі таңда 1307 аялдама бар болса, соның 1010 жабық типті. Ал жылу жүйесі орнатылғаны 105 павильон ғана.

Авторлары: Назерке Тоқжан, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы