427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мультисистемалық қабыну синдромы: елорда мен Алматыда екі бала көз жұмды

  • 194
  • UPD: 16:53, 07.10.2020
Мультисистемалық қабыну синдромы: елорда мен Алматыда екі бала көз жұмды

Елімізде 41 баладан мультисистемалық қабыну синдромы анықталған.

«Жас ерекшеліктеріне келсек, екі бала 1 жасқа толмаған, 1-5 жас аралығында 11 бала, 5-17 жас аралығында 28 бала тіркелді. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Синдромның ең көп жағдайы елордада тіркелген – 11 бала.

«Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында 5 жағдай, ШҚО-да, Шымкент қаласында 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы 2 жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында бір-бір жағдайдан анықталды», - деді.

Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі емделіп жатыр.

Айтуынша, бұл синдром Кавасаки синдромына өте ұқсас.

Хабар 24 телеарнасы