428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар тұрғын үй бағдарламаларының аясын кеңейтуді ұсынды

  • 94
  • UPD: 17:21, 15.10.2020
Депутаттар тұрғын үй бағдарламаларының аясын кеңейтуді ұсынды

Бүгінгі жиында баспана мәселесі де талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Сенат вице-спикері Асқар Шәкіров пен депутат Ләззат Сүлеймен елдегі ахуалды негізге ала отырып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Онда әлеуметтің әлсіз тобына жататын азаматтардың ипотекалық бағдарламаларға қолы жете бермейтіні жазылған. Осыған байланысты Сенат депутаттары кей тұрғын үй бағдарламаларының аясын кеңейтуді ұсынды. Мәселен, қазір тұрғындардың басым көпшілігі жүгінетін «7-20-25» бағдарламасы тек жаңадан салынған тұрғын үйлерге қатысты. Депутаттар «екінші нарықтан сатып алуға рұқсат ету арқылы жобаны бұрынғыдан да тиімді етуге болады», дейді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген кезде одан пәтер табу қиын. Себебі бастапқы тұрғын үй нарығы алып-сатарлар қызметінің обьектісі. Олар бір уақытта бірнеше пәтер сатып алады. Осыған байланысты азаматтар тұрғын үйді алдын ала брондау шартымен сатып алуға мәжбүр. Бұл азаматтарға қосымша шығындарға алып келеді. Яғни бағдарламада мемлекет тарапынан көзделген 20% бастапқы жарна 30%-ке өседі. Осыған байланысты «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді екінші нарықтан алуға рұқсат ету арзан әрі тиімді болар еді.

Хабар 24 телеарнасы