423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде келер жылдан бастап учаскелік инпекторлардың мәртебесі көтеріледі

  • 209
  • UPD: 22:21, 30.10.2020
Елімізде келер жылдан бастап учаскелік инпекторлардың мәртебесі көтеріледі

Елімізде келер жылдан бастап учаскелік инпекторлардың құзыреті кеңейіп, мәртебесі көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәйкесінше, тәртіп сақшыларына деген жауапкершілік те артатыны сөзсіз. Бұл ретте солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қызметті  абыроймен атқаруға дайын. Олар халықпен тығыз байланыста болуы үшін әлеуметтік желінің көмегімен жаңа жобаны жүзеге асырмақ.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Руслан Бекболатов кезекті шенін мерзімінен бұрын алды. Қызметін ауылды жерде атқарып жүрген маман жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды. 9 айдың қорытындысы бойынша округте жасалған қылмыс саны алдыңғы жылдарға қарағанда 70%-ке дейін қысқарған.

Руслан Бекболатов, учаскелік полиция инспекторы:

- Селолық округте төрт қылмыс болды. Төртеуін де халық арқылы өзім аштым. Өзім халықпен жұмыс істеймін. Халық көмектеседі. Түнде өзім де жүремін. Жазып жүремін, қандай автокөлік жүрді түнде, қай уақытта. Қандай кісі жүрді.

Ия, ауыл не қала болсын учаскелік полицейлер, ең бастысы, қоғаммен тікелей байланыс орнатуға мүдделі. Сонда ғана нәтиже болады. Оның үстіне бұл сала уақыт өткен сайын цифрлық технологияға көшуде. 

Жаслан Кәкішев, учаскелік полиция инспекторы:

- Халықтың мәселелеріне бірінші болып учаскелік инспекторлар араласады. Біздің жұмысымыздың қорытындысы бойынша полицияға баға беріледі. Сондықтан біз қызметті абыроймен атқаруға тиіспіз. Ол үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Құқық қорғау жүйесін реформалау осы саладағы қордаланған мәселерді анықтап, оны шешуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Солтүстік Ққазақстанда тағы бір  жоба қолға алынды. 

Александр Розбах, жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұрын учаскелік инспектор визиткасын жасап, оны халыққа тарататын. Енді елімізде алғаш болып біздің өңірде онлайн жоба жүзеге асырылуда. Яғни біздің қызметкерлер өзі жайлы ақпаратты ПИК төрағасына жібереді. Ал ол өз кезегінде оны әлеуметтік желілердің көмегімен тұрғындарға жолдайды. Бұл біздің жұмысты айтарлықтай жақсартады деген ойдамыз.

Жалпы бүгінгі күні өңірде 289 учаскелік полиция инспекторы бар. Оның 88-і қалада, қалғандары ауылды жерлерде қызмет атқарады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы