429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда алыс сапарға арналған плацкарт-автобустар анықталды

  • 295
Атырауда алыс сапарға арналған плацкарт-автобустар анықталды

Атырауда алыс сапарға арналған плацкарт-автобустар анықталды.

Кезекті рейд кезінде «Van Hool» маркалы жолаушылар автобустарын тексерген тәртіп сақшылары «жылжымалы қонақүйге» тап болды. Көлік қаладан шыға берістегі «Береке» ауылы маңынан тоқтатылған еді.  Атыраудан Шымкент қаласына бет алған жолаушылар көлігінің салоны қарапайым орындықтардың орнына екі деңгейлі кереуеттермен жабдықталыпты. 28 жатын орында 17 жолаушы бар екен. Тексеру барысында екі автобустың да Оңтүстік Қазақстан облысына тіркелгені анықталды. Енді өнертапқыш жүргізушілер заң аясында жауап береді.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5,7 және 8-інші бөліктері ( көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзу ) бойынша іс қозғалды. 571-баптың 2-бөлігі Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 572-бабының 1-бөлігі, еңбек және демалыс режимін бұзу деректері бойынша хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Хабар 24 телеарнасы