Бүгіннен бастап Талдықорғандағы мектептердің барлығы қашықтан оқу жүйесіне көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кезекші сыныптар жабылып, оқушылар 20 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында онлайн оқиды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қалалық мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шықты. Соған сәйкес білім ордаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіліп отыр.