427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі былғары зауыты желатин мен белкозин шығаруды жоспарлап отыр

  • 187
  • UPD: 14:48, 21.12.2020
Семейдегі былғары зауыты желатин мен белкозин шығаруды жоспарлап отыр

Семейдегі 10 жыл бойы тұрып қалған былғары зауыты шығарылатын өнім желісін кеңейтуді көздеп отыр.

Жарты жылдан аз уақыт ішінде кәсіпорын тұрып қалған өндірісті қалпына келтіріп қана қоймай, экспортқа шыға алды. Енді өндірістік қуаттылықты арттыру, тіпті зауыт үшін жаңа өнім – желатин мен белкозин шығаруды бастау жоспарда бар.

2020 жылғы маусымда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (зауыт балансына өткен) және Kusto Group халықаралық компаниялар тобына кіретін «Semey Tannery» ЖШС компаниясы арасында Семей қаласында былғары комбинатын кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалға алу шартына қол қойылды.

Инвестор бірқатар жөндеу жұмысын жүргізіп, 2020 жылдың тамыз айында жұмысқа кірісті. Комбинатта айына 250 тоннаға дейін шикізат өңделеді. Комбинаттың максималды қуаты жылына 1,7 млн шаршы метрге дейін wet blue жартылай фабрикатын құрауы мүмкін. Жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясында қолданылатын шикізат пен қажетті химиялық заттарды жергілікті өнім берушілер жеткізеді, сонымен қатар Ресейден ішінара сатып алынады.

«Бүгінде біз зауытта өңдеуге дайын 800 тоннаға жуық ірі қара терісін сатып алдық. Біз әлі максималды қуатқа жете алмадық, себебі пандемия әсер етті, елдер мен аймақтар арасындағы шекаралар жабылған кезде біз дайын өнімді экспорттай алмадық, қажетті химикаттарды импорттай алмадық, аймақтардан шикізат ала алмадық. Бұл өте қиын болды, бірақ соған қарамастан, біз төтеп беріп, өндіріс қарқынын біртіндеп арттырудамыз. Қазіргі уақытта зауыт жүктемесі шамамен 30-40 процент құрайды. Қазан айында өнімнің алғашқы партиясы экспортқа жөнелтілді.

Біз Қазақстан бойынша шикізат сатып алу желісін құрып, отандық тауар өндірушілермен серіктестікті жолға қойдық», - деп бөлісті «Semey Tannery» ЖШС атқарушы директоры Руслан Бисенов. 

Комбинат оның негізгі қызмет түрі бойынша іске қосылды: ІҚМ терісін өңдеу, wet blue хромды илеудің экспортқа бағдарланған жартылай фабрикаты былғары өнімін өндіру және сату. Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді.

Алдағы уақытта өндіріс ошағында жаңа өнім шығару көзделген.

«2021 жылы өндірісті ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Яғни, егер қазір, желтоқсан айында 250 тонна шикізатты қайта өңдеуге алсақ, онда ай сайын, қаңтардан бастап 300 тонна, 350 тонна және т.б. ұлғайтуға барамыз деп жоспарлап отырмыз. Біз сапасыз шикізатты алуымызға байланысты, Қазақстанда теріні кейіннен қайта өңдеуді көздейтін арнайы ауқымды тәжірибесінің жоқтығынан, біздің жоспарымызда осы зауыт үшін жаңа өнім - белкозин мен желатин шығаруды жолға қою көзделген. Мұндай өнім елімізде де, шетелде де сұранысқа ие, бірақ әзірге Қазақстанда шығарылмайды», - деп атап өтті кәсіпорынның коммерциялық директоры Олеся Бауэр.

Хабар 24 телеарнасы