375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқиғалар хроникасы. 21 желтоқсан

  • 428
  • UPD: 10:39, 21.12.2018

Оралда түскі ауысым кезінде №23 мектептің бірінші қабатынан  түтін шыға бастаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішіндегі 114 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 104-і мектеп оқушылары. Түтін басқан қабатта мектеп алды дайындық сыныптар орналасқан екен. Қауіп сейілген соң сабақ қайта жалғастырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Ақтауда жантүршігерлік оқиға болды. 28-шағын аудандағы дүкендердің бірінде ер адам мен әйел адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, бұл орта жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті  болып шықты. Олар шағын азық-түлік дүкенін жалға алып кәсіптерін  дөңгелетіп жүрген екен. Құқық қорғаушылардың сөзінше, дүкен жабылғаннан кейін күйеуі әйелін бірнеше жерден пышақтап өлтіріп, соңынан өзіне-өзі қол салған. Бұл іс қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Астанада қоғамдық көлік қыз баланы қағып кетті

- Астанада №54ші бағыттағы қоғамдық көлік Түркістан көшесінен Алматы көшесіне қарай келе жатып, қыз баланы қағып кетті. Белгілі болғанындай, қыз бала жаяу жүргіншілер жолағына аяқ астынан шыға келген.Жол көлік оқиғасы болған сәтте автобус сағатына 29 шақырым жылдамдықпе келе жатқан. Зардап шеккен азаматша 2-қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі қызметінен босатылды.

Тұрарбек Бердеш, «АСТАНА LRT» ЖШС транспорттық бақылау департаментінің бас менеджері:

- Автобус паркі басшыларымен келісе отырып осы жүргізушіні қара тізімге енгізіп арнайы қара тізімге енгізіп ,әрі қарай Астана қаласының қоғамдық көліктерін жүргізуіне жол бермеуге шаралар қолданып жатырмыз.

Павлодарда ғаламтор арқылы есірткі саудаланғандар ұсталды 

Павлодарда  полиция Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы есірткі саудасымен айналысқан  күдікті  топтың  мүшелерін ұстады. Олар  синтетикалық есірткі заттарын Еуропадан  интернет дүкендері арқылы алып, сайттарға жарнама беру бойынша сатып отырған. Тінту барысында  салмағы  2  келіден асатын  LSD, экстази, spice тәркіленді. Олардың құны 12 миллион теңгеден асады. Әзірге 20-30 жас аралығындағы екі азамат қамауға алынды. Басқарма басшысының айтуынша күдіктілерді анықтаумен полицейлер бір жыл бойы айналысқан. Жыл басынан бері  Павлодар облысында  есірткіге қатысты 75 қылмыс тіркеліп,  400 келіден астам есірткі заттары  тәркіленіпті.

Балғабай Қапаров, облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бап бойынша 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы қарастырылған.Күдіктілер  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қостанайда көлік апатынан 3 адам қаза тапты

Қостанай облысындағы Қашар-Рудный тас жолында жантүршігерлік көлік апаты тіркелді. «Ауди» және «ДЭУ Нексиа» маркілі темір тұлпарлар бетпе-бет соқтығысып өртеніп кетті. Оқыс оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақаттанды. Куәгерлер отқа оранған «Ауди» жүргізушісін  көліктен шығарып алған. Жапа шеккендер Қашар кентінің ауруханасына жеткізілді.

Ирина Беженарь, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Болжам бойынша апатқа «Ауди» көлігінің жүргізушісі себепкер болған. Ол жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы