378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында «Қазпочта» қызметкері зейнеткерлердің ақшасын жымқырған

  • 198
  • UPD: 12:56, 08.05.2019

Түркістан облысында пошта қызметкері зейнеткерлердің ақшасын жымқырған.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне үш бірдей зейнеткерден шағым түсті. Олар «Казпочта» қызметкері өздерінің желтоқсан айындағы зейнетақыларын иемденіп кеткендігін хабарлады. Күдікті қолды еткен қаржыны қайтарып беретінін айтып уәде бергенімен сөзінде тұрмаған. Аталған шағым бойынша Түркістан облысының полицейлері зейнеткерлердің ақшасын жаратып қойған әйелге қатысты ҚР ҚК 189 бабы бойынша «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.  Анықталғандай, зәбір көрушілер зейнетақысын «Қазпочта» қызметкері арқылы өз үйлерінен алып отырған. Өткен жылдың желтоқсан айында күдіктінің 250 000 теңгені бермегені анықталды.

Петропавл қаласында зират өртенді. Қала тұрғындары бейіт басын тазалауға барғанда мазарлардың өртеніп кеткенін көрген. Әсіресе ағаш қоршаулар күлге айналып, ескерткіш белгілер зақымданған. Бұл бірінші рет емес дейді ашынған жұрт. Бұған дейін де бірнеше рет жалын шарпыған екен. Сонымен қатар Новопавловка және Рабочий елді мекендеріндегі молалар қиратылған. Бұл екі зират та көне болғандықтан жабылып қалған. Бірақ соған қарамастан тұрғынар әлі күнге дейін мұнда жерлеуді тоқтатпаған. Елді мекен тұрғындары жергілікті билік бұл саладағы тәртіпті қадағаламайтынын айтып ОТЫР. 

Қостанай облысындағы тасжолда бірден 8 автокөлік соқтығысып қалды. Оқиға «Қостанай-Әулиекөл» тас жолының 42-шақырымында болған. Бір бағытқа қарай кетіп бара жатқан көліктердің соқтығысуына жол жиегіндегі қалың шөптің өртеніп, тасжолды көк түтіннің басып қалуы себеп болған. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды. Олардың арасында кішкентай қыз бала да бар. Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен тағы бір келіншек те жансақтау бөліміне түскен. Оның сол иығы сынып, кеудесіне зақым келген.

Хабар 24 телеарнасы