385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ауыл әкімі 11 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды

  • 155
  • UPD: 11:46, 29.07.2019
ШҚО-да ауыл әкімі 11 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды bnews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Малоубин ауылында ер адам құтқарушылар келгенше отқа оранған үйден 11 жасар қызды аман алып шықты, деп хабарлайды BNews.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ол сол ауылдық округтің әкімі Сергей Сомов екен. Үйдің өртеніп жатқанын байқап қалып, дереу терезесін сындырып, ішкі енген. Жатын бөлмедегі еденде есінен танып жатқан қыз баланы көріп, сыртқа алып шығады. Кейін жұбайымен бірге жасанды тыныс алдыру жасайды.

Жазатайым жағдайдан бүлдіршіннің әжесі де зардап шеккен. Денесінің 30 пайызын күйік шалған. «Олар Өскемен қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайлары тұрақталды», – дейді дәрігерлер.

Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқыс оқиғаға өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы