386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда үйдің жертөлесі өртеніп, 50 адам эвакуацияланды

  • 144
  • UPD: 22:22, 01.09.2019
Оралда үйдің жертөлесі өртеніп, 50 адам эвакуацияланды inform.kz

Оралда көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс жанып, 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.46-да Ватутин көшесі 53-үйде болды.

Бес қабатты үйдің жертөлесінде қоқыс жанған. Оның аумағы 20 шаршы метрді қамтыды.

Салдарынан 50 адам эвакуацияланса, соның 20-сы – балалар.

Зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 12 адам, 1 техника жұмылдырылды. Жанған қоқыс 17.01-де сөндірілді.

Бүгін Оралда тағы бір оқыс оқиға орын алды. Сағат 16.03-те «Тюльпан-2» автогараж кооперативінде 1977 жылғы азамат ұраға құлап кеткен. Құтқарушылар (3 адам, 1 техника) оны шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына табыс етті.

Хабар 24 телеарнасы