389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті

  • 159
  • UPD: 19:38, 11.10.2019
Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті

Елордада жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап, оның екеуі жазым болған.

Кешенің өзінде бір күнде 2-7 жас аралығындағы үш бала көп қабатты үйдің тезезесінен құлап кетті. Абырой болғанда аман қалған. Қазір олар ауруханада жатыр. Үшеуінің де ата-анасы балаларын қараусыз қалдырған.

Қуаныш Тоқсарин, Сарыарқа аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

– Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмасын деп ескертеміз. Терезені жауып, арнайы тұтқа қойсын. Балалар үйде қалғанда терезеге ұмтылады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Қоршаулар бар. Әйнектің сыртанан қоршау қойсын.

Хабар 24 телеарнасы