447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей маңында боранда малымен бірге жоғалған тұрғын табылды

  • 139
  • UPD: 15:50, 20.02.2020
Семей маңында боранда малымен бірге жоғалған тұрғын табылды

Семейде кеше ұйтқып соққан боран салдарынан барлық бағыттағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жабылған болатын.

Атап айтсақ, Павлодар, Өскемен, Қалбатау, Бородулиха, Қайнар, Қарауыл бағытында жол жүру мүмкін болмай қалды. Өткен түнде қаладан 45 шақырым жерде қарға батып қалған бір автокөлік пен оның жолаушылары құтқарылды. Сол сияқты Жарма ауданында малымен қоса жоғалып кеткен тұрғын да таңға жуық аман-есен табылған. Бүгін Семейде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Дегенмен, түске қарай күн ашылып, екінші ауысымдағы балалар мектепке барды. 

Думан Икенов, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:

- Түнгі 3-тер шамасында Семей-Қайнар тас жолының бойында бір автокөлік жолда қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсіп, Семей қалалық құтқару қызметі сол автокөліктен 4 адамды аман-есен Семей қаласына көшіріп, эвакуация жасады. Сондай-ақ қазіргі таңда барлық тас жолдар ашылды, Семей-Қайнар тас жолынан басқа. Осындай қолайсыз ауа райы кезінде біздің тарапымыздан келіп жатқан хабарларға, 112 нөмірінен келіп жатқан әр түрлі смс хабарларға көңіл бөліп, алыс жақтарға сапарға шықпауын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы