399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызыл кітапқа енген жануарды атқан қорықшы ұсталды

  • 128
  • UPD: 10:16, 09.04.2020
Қызыл кітапқа енген жануарды атқан қорықшы ұсталды

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы операция барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады. Тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін және тіркелмеген оқтары бар екі суық қаруды тәркіледі.

«Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Ернар Қалтаев.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы