422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында құбырдағы табиғи газ қопарылды

  • 273
  • UPD: 14:48, 21.05.2020
Атырау облысында құбырдағы табиғи газ қопарылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында газ қоспасының қопарылысынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

21 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Құрманғазы ауылындағы жеке үйде табиғи газдың ағып кетуі салдарынан қопарылыс болып, үйдегі заттар, жиһаз өртеніп, жалын үйдің шатырына жеткен. Өрт сөндірушілер күшімен 100 шаршы метр аумаққа тараған жалын сағат 10:48-де толық сөндірілді.

«Оқыс оқиға салдарынан күйік шалған төрт адам - 56 жастағы, 22 жастағы ер адам, 51 жастағы әйел және 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы