405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей – Үржар бағытындағы ұшақ өртенді

  • 232
  • UPD: 18:16, 30.05.2020
Семей – Үржар бағытындағы ұшақ өртенді

Үржай әуежайына келіп қонған АН-2 ұшағы отқа оранды.

«Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясына тиесілі АН-2 ұшағынан өрт шықты. Оқиға әуе кемесі қонған кезде  шамамен сағат 15:25-терде болған. Ұшақ Семей – Үржар бағыты  бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындаған. Өрт 15:50-де  сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы аталған факті бойынша тергеуді бастады.

 

Хабар 24 телеарнасы