420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

  • 131
  • UPD: 22:37, 06.09.2020
Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

«Бүгін 6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында өртке оранған қамыс пен қураған шөптің жануы жойылды. Еске сала кетсек, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіруі қиынға соқты. Онда өрт сөндіретін арнайы техника жете алмады», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы