420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ірі көлемде ұрлық жасаған ұры ұсталды

  • 142
  • UPD: 10:39, 25.11.2020

Елордада ұрлық жасауды әдет қылған 24 жастағы тұрғын ұсталды.

Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көлігімен азық-түлік дүкеніне келген жүргізуші-экспедитор тауар түсіріп жатқанда 16 қорап аса бағалы темекіні қолды қылған. Заттың құны 80 мың теңгені құрайды. Бұған дейін бір пәтерден ноутбук пен тағы бір кеңседен жарты миллион теңгені ұрлаған көрінеді. Бұрын ол істі болып сотталған. Қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Атырауда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі қолға түсті

Оны Атырау – Доссор тасжолында полиция тоқтатпақ болған кезде, бағынбай қашып кетпек болған. Алайда ол облыс орталығына жетпей ұсталды. Кейін анықталғандай автокөлікте жалған мемлекеттік нөмір тағылған. Ал бұған дейін көптеген айыппұл арқалапты. Жалпы сомасы екі млн теңгеден асады. Іс сотқа жолданды.

 

Алматы облысында мал ұрлаған бақташы қолға түсті

Алматы облысының полицейлері мал ұрлаған бақташыны қылмыс үстінде ұстады. Күдікті етті сатпақ болып жолға шыққан кезде тәртіп сақшылардың құрығына іліккен. Тексере келе оның көлігінен екі қойдың еті шықты. Тиісті құжаттары болмаған соң ол Ескелді аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында 34 жастағы ер адамның өзі жұмыс істеген шаруашылықтың 11 бас малын қолды қылғаны белгілі болды. 4 қой иесіне қайтарылып, айғақ заттар тәркіленді.

Күдікті:

– Мал ұрлағаным рас. Қазір сол ұрлығыма өкінемін. Мойындаймын. Оны сатқаным да рас. Үлкен сомада ақша керек болды. Ұрлап әкеліп саттым.

Мейір Ескендіров, Ескелді аудандық ПБ учаскелік инспекторы:

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Ескелді ауданы ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған азаматтар басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталуда.

 

Ақтөбеде жол ережесін бұзатындар азаймай тұр

Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережесін бұзу деректері азаймай отыр. Тек үш күнге созылған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында екі мыңға жуық тәртіпбұзушылық тіркелді. Оны арасында мас күйінде көлік құралын басқарудың 24, бағдаршамды елемей жүрісті жалғастырудың 47 дерегі бар. Шара республикалық маңызды тасжолдарда да жүргізілді.

Айдос Құлжанов, облыстық Полиция департаменті ЖПҚ бөлімше бастығы:

– Көлік құралының жол қозғалысы жолағының қарсы бағытына шыққаны үшін 21 жүргізуші және жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін 318 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылып отыр.

 

Петропавлда автобус өртенді

Петропавлда жолаушылар автобусы өртенді. Оқыс оқиға қаладағы Шухов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Абырой болғанда, өрт тұтанған кезде қоғамдық көлікте ешкім болмаған. Ал тілсіз жауды ауыздықтау үшін құрамында алты адамы бар өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды. Нәтижесінде 22-інші бағыттағы автобустан шыққан от тез сөндірілді. Алайда көліктің алдыңғы әйнегі мен ішкі салоны және қозғалтқышын қызыл жалын шарпып үлгерген.

 

Хабар 24 телеарнасы