420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап көз жұмды

  • 129
  • UPD: 22:29, 21.12.2020
Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап көз жұмды фото: inform.kz

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында орналасқан Батыр ауылында жеке тұрғын үй ауласында жатқан құдыққа екі бала құлап кетіп көз жұмды.

6 және 11 жастағы балалар бір үйде тұратын ағайындылардың балалары екен. Қайғылы жағдай бүгін 15:30 шамасында болды. Ауыз су құдығының тереңдігі 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы