420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда жел генераторы өртенді

  • 272
  • UPD: 14:37, 31.12.2020
Маңғыстауда жел генераторы өртенді

Маңғыстаудың Түпқараған ауданында Форт-Шевченко қаласына кіре берісте жел генераторы өртенді.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровқа сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға туралы ақпарат 31 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да түскен. Форт-Шевченко кіреберісіндегі жел электрстанциясындағы №24 жел генераторында өрт болғандығы белгілі болды.

«Түпқараған ауданының өрт сөндіру қызметінің екі бірлік техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі сол жерге дереу кетті. Алдын ала себеп – қысқа тұйықталу», - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Хабар 24 телеарнасы