389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жаңа зауыт өз жұмысын бастады

  • 1654

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы жұмыртқа салуға арналған қорап шығаратын жаңа зауыт алғашқы өнімін өндіре бастады.

Іске қосылғанына екі айдан енді асқан кәсіпорын қазірдің өзінде Ақмола өңірімен қатар Қостанай және Қарағанды облысындағы құс фабрикаларымен әріптестік байланыс орнатып үлгерді. Ал, жобаның жалпы құны 440 млн теңге. Оның 120 миллионы компания басшылығының өз қаржысы болса, қалғаны «Даму-Өндіріс» бағдарламасы арқылы жеңілдікпен несиеге алынған. Зауыт жылына 30 млн дана қорап шығаруға қауқарлы. Ал, еліміздегі құс фабрикаларының дені күні бүгінге дейін қорапты шетелден сатып алуға мәжбүр. Себебі, ел аумағында мұндай зауыттар саусақпен санарлық.

Сергей Янулис, кәсіпорын жетекшісі:

- Қазір біз бір ауысыммен ғана, яғни 11 адам жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта тағы екі ауысым іске қосылады. Ол кезде жұмысшылардың қатары 30-дан асады. Ал, зауыт бір сағатта 4 мың қорап шығаруға қауқарлы.

Хабар 24 телеарнасы