365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспийдің құқықтық мәртебесі бойынша конвенция елдер ынтымағын арттырады

  • 196
  • UPD: 12:33, 12.08.2018

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша конвенцияға қол қою мемлекеттердің геоэкономикалық, геосаяси ахуалына ықпал етеді.

Әзербайжан сарапшыларының пікірінше, қабылданатын құжат Каспий бойындағы елдердің өзара ынтымақтастығын одан әрі арттырады.

Каспий маңындағы мемлекеттер үшін түрлі саладағы түйткілдерді шешу уақыт талабы. Сарапшылар Конвенцияға қол қоюды аталған елдердің ынтымақтастыққа ден қоюына балады. Құжат бекітілсе, әр ел өз мүмкіндігін толық пайдалана алады. 

Расим Мусабеков, Әзербайжан Парламентінің депутаты:

- Құжаттың бекуіне негіз көп. Арнайы өкілдер мен Каспий бойындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлігі нәтижелі жұмыс жүргізді. Ресей Федерациясында декларация жарияланып қойды. Қазақстан, Әзербайжан, Ресейдің ұстанымдары ортақ екенін назарға ала отырып, құжат қабылдануы тиіс. Бұл арқылы көптеген тәуекелден құтылуға мүмкіндік бар. Ауызбіршілік пен өзара байланыс күшейер еді. 

Конвенцияның қабылдануы көптеген мүмкіндікке жол ашады. Алдымен энергетикалық жобалар мен кен орындары бойынша дау-дамайды шешудің құқықтық базасы құрылады. Сарапшылардың пікірінше, осы арқылы энергия ресурстары үшін жаңа нарықтар ашылып, қосымша экономикалық пайда әкеледі.

Ильгар Велизаде, саясаттанушы:

- Ақтауда өтетін саммит Каспий теңізінің мәртебесін айқындайды. Бұл мәселені біржақты ету біз үшін көптеген түйткілдерді шешіп, тығыз қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа құжат қабылданса, бес елдің ахуалы жаңа арнаға бет бұрады.

Осылайша, сарапшылар құжаттың қабылдануын жаһандық деңгейдегі маңызды оқиғаға балап отыр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Шафаг Алиева

Осы категория бойынша: « Ақтау саммитінде Каспийдің биоресурстарын тиімді пайдалану мәселесі қаралады Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөнінен Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы