378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пан Ги Мун: Әлемдік мәселелерде Қазақстанның айтарлықтай ықпалы бар

  • 436
  • UPD: 20:46, 10.12.2018

Еліміз Орталық Азияда ғана емес, жаһандық ауқымдағы мәселелерге қаншалықты ықпал ете алады? Бұл сұрақтарға арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун жауап берді.

Сақа саясаткердің пайымынша, қазақстандық тарап тұрақты даму мақсатында климатты өзгерту үрдісі бойынша Париж келісімін жүзеге асыруға белсенді атсалысуы қажет.  

Пан Ги Мун, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы:

- Кеңес Одағы ыдырағаннан соң дербес ел атанған Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың білікті саясатының арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Жаңа жетістіктерге жетті. Елдің жарқын болашағы басталды. Елдеріңіз бейбітшілік пен тұрақтылықтың бесігіне айналды. Сондықтан тек Орталық Азияда ғана емес, әлемдік мәселелерде де Қазақстанның ықпалы айтарлықтай деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы