378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гагик Галачянмен кездесті

  • 297
  • UPD: 22:17, 22.01.2019

Былтыр Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 10 млн АҚШ долларынан асты.

Экспорт 4,9 млн, ал импорт 5,5 млн АҚШ долларын құрады. Осылайша 19,5 пайызға өсім байқалады. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесу барысында мәлімдеді. Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы екі елді тарихи және мәдени қарым-қатынастар тығыз байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар Арменияда парламенттік сайлаудың өтуімен құттықтап, алдағы уақытта қос мемлекет арасындағы серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы