378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қазақстан мен Иордания арасындағы қылмыстық істер бойынша келісімді ратификациялады

  • 231
  • UPD: 17:04, 05.03.2019
Елбасы Қазақстан мен Иордания арасындағы қылмыстық істер бойынша келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Елбасы сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Және Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы