377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі ірі іскерлік және транзиттік хаб

  • 204
  • UPD: 15:54, 25.04.2019

«21 ғасырдағы көпполярлы әлем» халықаралық конференциясына келген шетелдік сарапшылар осындай пікірде.

Айтулы шараға АҚШ, Ресей, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания сынды алыс-жақын шет мемлекеттерден жетекші мамандар келді. Олар жаңа әлемдік жүйедегі Қазақстанның рөлін талқылады. Сондай-ақ елімізді Еуропа мен Азия арасындағы «алтын көпірге» балады. Себебі, Қазақстан – «Бір жол, бір белдеу» халықаралық жобасының белді мүшесі. Шетелдік меймандармен қатар еліміздің талдау құрылымдары мен зерттеу ұйымдарының сарапшылары қазақ елінің сыртқы және ішкі саяси бітімгершілік бастамаларын жоғары бағалады. Жиын барысында «Батыс пен Шығыс» геосаяси болжау халықаралық орталығының тұсауы кесілді. 

Каринэ Геворгян, саясаттанушы /Ресей/:

- Бүгін алыс-жақын елдерден келген жетекші сарапшылар  бірігіп «Бір жол, бір белдеу» жобасын талқылайтын боламыз. Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынас орнатудағы тәжірибесі бүгінде көпке үлгі. Сондықтан да бұл жиында өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған түрлі идеялар ортаға салынады. Екі күн қатарынан көптеген өзекті сұрақтардың шешімін табамыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы