382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Ахметбеков ОСК-ның ресми мәліметін күтетінін мәлімдеді

  • 101
  • UPD: 02:27, 10.06.2019

Саяси тартысқа екінші рет түсіп отырған Жамбыл Ахметбеков сайлаудың алдын ала нәтижелерін өз қолдаушыларымен бірге көрді.

Exit Poll (Екзит-пулдың) қорытындысы бойынша электораттың 3,86 % Коммунистер кандидатына дауыс берген. Партиялықтар жасырын сауалнаманың нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесімен жақын келеді деп есептейді. Республикалық штаб өкілдерінің айтуынша, биыл Exit Poll-да (екзит-пулда) кәсіби мамандар жұмыс істеген. Сондықтан, алдын ала болжам мен соңғы санақ нәтижесі кемі 80 процентке сәйкес болуы мүмкін. Сайлауға түскен Жамбыл Ахметбековте бұл пікірмен толық келіседі.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәжірибе бойынша екзит-пулдың қорытындысы мен сайлаудың алдын ала қорытындысы арасында айырмашылық аз болады. Дегенмен, әлі де болса ОСК алдын ала қорытындысын естіген дұрыс. Біздің сайлау учаскелерінде болған сенімді өкілдеріміз, бақылаушыларымыздан қазір ешқандай жіберілген қателіктер туралы ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ. Егер ОСК қорытындысы мен Екзит-пулмен жасаған қорытынды арасындағы айырмашылық болмай, екеуі қатар болып қалатын болса, онда сайлау ережеге сәйкес өтті деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы