386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен босатылды

  • 280
  • UPD: 17:02, 30.07.2019
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен босатылды bnews.kz

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық маңыздағы шаһарды ол өткен жылдың 20 маусымынан бері басқарып келген болатын. Оған дейін әр жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы, Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі және Президент әкімшілігі басшысының орынбасары сынды қызметтер атқарды. Сондай-ақ Шымкентке республикалық қала мәртебесін алғанға дейін, яғни 2015-2017 жылдар аралығында әкім болды.

Хабар 24 телеарнасы