427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясының праймеризінде дауыс беру басталды

  • 244
  • UPD: 15:56, 01.10.2020

Партия мүшелері түнгі 12-ден бастап өз үміткеріне қолдау көрсете бастады. Онлайн форматындағы дауыс беру Primaries.kz сайтында жүріп жатыр.

Партия ұсынған мәліметтерге сәйкес, таңғы сағат 11:45-тегі жағдай бойынша 28 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерген. Ең белсенді партия мүшелері Алматы облысына тиесілі екен. 4 мың 860 адам өз араларында партиядағы беделі жоғары үміткерлерді таңдады.

Естеріңізге сала кетсек, ел бойынша 11 мың үміткер тіркелген. Дауыс беру қазанның үші күні, сағат 14:00-де аяқталады. Ереже бұзып, дауыс санын көбейтуге тырысқандардың дауыстары бірден жойылады.

Хабар 24 телеарнасы