388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхенчхандағы Олимпиада қалашығында спортшыларға барлық жағдай жасалған

  • 838
  • UPD: 22:41, 08.02.2018
Пхенчхандағы Олимпиада қалашығында спортшыларға барлық жағдай жасалған

Пхенчхан Олимпиадасы бұған дейінгі кешенді сындарда тіркелген рекордтарды жаңартты. Атап айтсақ, қысқы Олимпиадаға қатысушы елдердің саны 93-ке жетіп, төрт жыл бұрынғы көрсеткіштен асып түсті. Мемлекеттермен бірге сайыстарға келген спортшылардың да қарасы көбейді. Сондықтан жарысқа шығатын 2 мың 922 атлет үшін арнайы екі Олимпиадалық ауыл салынды.

Қанат Базылхан, тілші:

- XXIII қысқы Олимпиада ойындары Пхенчхан мен Каннын қалаларында өтетіні белгілі. Сондықтан спортшыларға арналған екі олимпиадалық қалашық салынды. Мысалы, Каннын қаласында конькишілер, шорт-трек шеберлері және мәнерлеп сырғанаушылар орналасса, мына біз тұрған Пхенчханда шаңғышылар мен биатлоншылар және фристайл шеберлері мен тұғырдан секіретін спортшыларымыз тұрады.

Пхенчхандағы олимпиадалық ауылда қазақ елінің спортшылары 15 қабатты ғимараттың алғашқы үш қабатына орналасты. Бейсенбінің кешінде қазақстандық спортшылардың қатарына фристайлдың акробаттары қосылды. Біздің түсіру тобымыз жарыс қарсаңында отандық атлеттердің ауылына соғып, қал-жағдайларын біліп қайтты. 

Фристайлдың акробаттары қысқы Олимпиадаға енді келсе, могул шеберлері жұма күні жарысты бірінші болып бастайды. Ойындардың ашылуына дейін Юлия Галышева бастаған қыз-жігіттер іріктеу сайысына қатысады. Шығыс қазақстандық спортшы жаттықтырушылармен бірге жауапты сынды пысықтап жатыр. Ал акробаттар Олимпиада додасына 15 ақпанда араласады.

Маржан Ақжігіт, фристайл акробатикадан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Біз Красноярск қаласынан жиыннан келдік. Атмосфера жақсы бірінші рет олимпиадаға қатысып отырмын, өте қуаныштымын, осындай жарыстарға қатыстырып жатқан жаттықтырушыларыма және Қазақстан халқына алғысымды білдіремін.

Олимпиада қалашығында атлеттерге барлық жағдай жасалған. Әсіресе ас-ауқат мәселесіне баса мән беріліпті. Ас – адамның арқауы. Сондықтан күнделікті шелектеп тер төгетін спортшыларға астың нәрлі әрі дәмді болғаны дұрыс. Олимпиада қалашығындағы тамақтану орталығындағы ас мәзірінде түрлі елдің дәстүрлі тағамдары бар. Пхенчхандағы олимпиадалық қалашықта тәулік бойы емхана да жұмыс істейді. Ауырған немесе жарақат алып қалған атлеттерге алғашқы көмек осында көрсетіледі.

Авторлары: Қанат Базылхан, Ерсін Мұханбеталин

Хабар 24 телеарнасы