385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласын 35-секундта нокаут қылды

  • 1447
  • UPD: 16:00, 01.04.2018

Канада, Монреаль. Отандасымыз Батыр Жүкембаев (11-0, 9 КО) кәсіби бокстағы 12-кездесуде жеңіске жетті.

Батыр 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньеспен (18-5-1, 13 КО) жекпе-жекке шықты. Бірінші орта салмақтағы 8 раундтық шайқасты Жүкембаев бірінші раундтың 35-секундында  техникалық нокаутпен аяқтады.

BoxRec.com хабарлауынша, Батырға жеңіс үшін небәрі екі соққы жеткілікті болған. Бұл кәсіби бокстағы Батырдың 12-жеңісі болды.

Хабар 24 телеарнасы