367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақтөбе» ФК Еурокубокқа қатысатын командаларға қолдау білдірді

  • 155
  • UPD: 17:58, 18.07.2018
«Ақтөбе» ФК Еурокубокқа қатысатын командаларға қолдау білдірді

Бүгін «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді.

Елорда командасы түнгі 12-де Черногорияда «Сутьескамен» алаңға шығады. Еурокубокта ойнайтын қазақстандық командаларға өзге клубтар да қолдау білдірді. Кеше «Ақжайық» футболшыларынан эстафетаны қабылдаған «Ақтөбе» жігіттері «Президенттік миль» атанған қашықтықты жүгіріп өтті. Астананың 20 жылдығы мен Еурокубок додаларында сынға түсетін отандық командаларды қолдауға арналған жаппай жүгіруді Қазақстан футбол федерациясы бастаған болатын. Жаппай жүгіруге футбол орталығының жеткіншектері мен бапкерлер, ойыншылар қатысты. «Ақтөбе» футбол клубы спорттық эстафетаны «Жетісу» футболшыларына жолдады.  

Асхат Қалжанов, Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығының хатшысы:

- Еуропа біріншіліктерінде өнер көрсететін командаларға сәттілік тілеп, топтық кезеңге дейін жетуіне тілектеспіз. Сонда ғана біздің ел УЕФА рейтингінде қомақты ұпай жинап, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына қатысатын командалар саны артады.

Осы категория бойынша: « Президент кубогына Қазақстанның 7 теннисшісі қатысуда Марадона «Динамо Брест» клубын басқарады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы