388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің бапкері жаттықтыратын америкалық боксшы допинг-тестілеуден өтпей қалды

  • 387
  • UPD: 11:54, 20.12.2018
Головкиннің бапкері жаттықтыратын америкалық боксшы допинг-тестілеуден өтпей қалды

ESPN.com ақпараты бойынша, бірінші жартылай орта салмақтағы америкалық Райан Мартинтен (22-1, 12 KO) Дүниежүзілік бокс суперсериясына қатысуына байланысты WBC және VADA-ға қарасты «Таза бокс» бағдарламасы аясында тыйым салынған заттарға тест тапсырған. Ол оң нәтиже көрсеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы телеарнаға Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман айтты. Бұл ретте боксшының сынамасынан қандай тыйым салынған заттың анықталғаны айтылмаған.

Еске салайық, Мартин Абель Санчестің жетекшілігімен қазақстандық Геннадий Головкин және Әли Ахмедовпен бірге Биг-Бэарда (Калифорния штаты) жаттығады. 3 қараша күні өткен соңғы жекпе-жегінде ол британдық Джош Тэйлордан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы