389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қызылжар» футболшылары Түркияда жаттығып жүр

  • 756
  • UPD: 13:37, 01.03.2019

«Қызылжар» футболшылары биыл премьер-лигаға шығуды мақсат санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ай бойы Анадолыда тер төккен петропавлдық аяқдопшылар бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Келесі сынақ ертеңге белгіленген. «Қызылжар» Мәскеу «Локомотивінің» жастарымен кездеседі. Мұның алдында Фаррер аралдарының он дүркін чемпионы «ХБ Торсхавнымен» жасыл алаңға шыққан Әли Әлиевтің шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды Артем Черединов соқты. Команда сапында жергілікті ойыншылар бар. Максим Скорых, Дмитрий Савченко секілді талантты футболшыларға бас бапкер сенім артады. Уорш Делич, Максим Драченко, Шота Григалашвили сынды шеберлерге де артылар жауапкершілік зор. Команда капитаны Ильдар Аитов биылғы маусымда жергілікті жанкүйер сүйсінетіндей ойын өрнегін көрсетуге ұмтыламыз депті. Бас бапкердің мақсаты айқын.

Әли Әлиев, «Қызылжар» командасының бас бапкері:

Облыс басшылығы премьер-лигаға шығу туралы міндет қойып отыр. Команданы жасақтау жалпы алғанда 90% дайын. Енді бір-екі позиция бойынша команданы күшейту керек. Қазір тәжірибелі футболшылардың қатарына жастар қосылды. 2 наурызда «Локомотивтің» қосалқы командасымен сосын Беларусьтің «Гомелімен» ойнаймыз. Соңғысы тісқаққан тәжірибелі қарсылас. Осы ойында біздің дайындықтың деңгейі сынға түседі. Команданың қарымын байқаймыз. Басқа елдің командаларымен кездесу жас футболшыларға жақсы тәжірибе болмақ.

 

Хабар 24 телеарнасы