379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» – «Боруссия» – 5:0

  • 90
«Бавария» – «Боруссия» – 5:0

Неміс бундеслигасының 28-турында «Бавария» Дортмундтың «Боруссиясын» қабылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Германияның биылғы маусымдағы қос үздігінің арасындағы матч дәл осылай өрбиді деп ешкім ойламаса керек. Кездесудің оныншы минутында Матс Хуммельс гол соғып, алаң иелерінің мерейін өсірген. Араға жеті минут салып Роберт Левандовски нәтижені еселеді. Екі гол жіберген «Боруссия» енді қарманбаса қиындыққа тап болатынын біліп, қарсы шабуылға шықты. Алайда қорғаушы Хави Мартинес матчтың қырық бірінші минутында мергендік танытып, «Бавария» үш доп ұзап шықты. Әлгі гол қорғаушылардың жүйкесіне қатты әсер етсе керек, енді екі минуттан кейін Серж Гнабри буднеслиганың бүгінгі мықтысы кім екенін анық аңғартты. Екінші таймда Роберт Левандовски тағы көзге түсті. Қортынды есеп – 5:0.

Алпыс төрт ұпай жинаған «Бавария» Дортмунд командасының алдын орап, турнир кестесінің бірінші сатысынан орын алды.

Хабар 24 телеарнасы