Мадридтік «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бильбаолық «Атлетико» қақпасына хет-трик салып, бірегей рекорд орнатты.
Ол соңғы сегіз голын бес матчта салды.
MisterChip твиттер желісінде хабарлағандай, мұның алдында «Реалдың» бірде-бір футболшысы клубтың 117 жылдық тарихында мұндай жетістікке жетпеген.
Бензема «Реал» сапында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Тоғыз жылда 31 жастағы шабуылшы 17 трофей ұтып алған, оның ішінде екеуі – Испания чемпионатының титулы мен Чемпиондар лигасының төрт кубогы. Биылғы маусымда Бензема Испания премьер-лигасында 33 матчке қатысып, 21 гол салды және бес нәтижелі пас берді.
Ақпарат көзі: vesti.kz