379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

  • 152
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады Sputnik Казахстан

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады.

«Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!» – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы