389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада бағдарламасына жаңа спорт түрлері қосылды

  • 274
  • UPD: 13:35, 27.06.2019
Олимпиада бағдарламасына жаңа спорт түрлері қосылды

Брейк-данс, скейтбординг, құзға өрмелеу және серфинг 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енді.

Халықаралық олимпиада комитетінің 134-сессиясында мамандар осындай шешім қабылдады. Аталған спорт түрлері Франциядағы кешенді сында ғана болады. Бұл сайыстарды Париж ұйымдастыру комитеті ұсынған болатын. Құзға өрмелеу мен брейк-данс биі былтыр алғаш рет жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында көрсетілген еді. Ал скейтбординг пен серфингтен және құзға өрмелеуден олимпиаданың алғашқы медальдары 2020 жылғы Токио олимпиадасында сарапқа салынады.

Хабар 24 телеарнасы