386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды

  • 317
  • UPD: 16:18, 23.07.2019
Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды ОНТ

«Лос-Анджелес Гэлаксидің» швециялық футболшысы Златан Ибрагимович «Лос-Анджелес» ойыншысы Мохаммед Эль-Монирдің жағын сындырды.

Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, – деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Лос-Анджелестің екі командасы 19 маусымда кездескен. Матч «Гэлаксидің» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды. Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған.

Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін «Нью-Йорк Ред Буллс» ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді операция жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы