386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын футболдан әлем чемпионаты Киевте өтеді

  • 163
  • UPD: 16:02, 31.07.2019
Шағын футболдан әлем чемпионаты Киевте өтеді prosports.kz

30 шілде күні Халықаралық шағын футбол федерациясының атқарушы комитеті бас қосып, 2021 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңі өтетін қаланы таңдады.

Екі жылдан соң өтетін дүбірлі доданы Сенегалдың астанасы Дакар мен Украинаның Киеві үміткер болған. ХМФФ атқарушы комитеті әлем чемпионатын өткізу құқығын Киевке берді.

Айта кетейік, бұған дейін шағын футболдан әлем чемпионаты Киевте үш рет өткен болатын. Ал биыл әлем біріншілігі Австралияның Перт қаласында өтеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы