385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велошабандоз А.Винокуров жарты жылға түрмеге қамалуы мүмкін

  • 325
  • UPD: 08:30, 11.09.2019
Велошабандоз А.Винокуров жарты жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Қазақстандық кәсіби велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневке жарыста өзара келісім жасасқан деген айып бойынша алты ай мерзімге түрмеге отыру жазасы төніп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бельгия прокуратурасы велошабандоздарды сыбайлас жемқорлыққа байланысты кінәлі деп тауып, оларды 6 ай мерзімге түрмеге отырғызуды талап етті. Бұдан басқа А. Винокуровтан 100 мың еуро, А. Колобневтен 50 мың еуро айыппұл, сондай-ақ ресейліктің банктегі шотынан алынған 150 мың еуроны тәркілеуді сұраған. Винокуров мен Колобневке бұдан бұрын, 2010 жылғы сәуірде Льеж-Бастонь-Льеж  веложарысында өзара келісім жасасқан деген айып тағылған болатын. Прокуратура Винокуров жарыста мәреге жетуі үшін Колобневтің өзін алға жібергендігіне байланысты оған 150 мың еуро төлеген деп есептейді. Бельгиялық Льеж соты үкім жарияланатын отырыс 8 қазанда болатындығын мәлімдеді. Бұған спортшылардың өзара жазысқан хаттары, 2010 жылғы шілдеде 100 мың және 50 мың еуро ақша аударымы дәлел болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы